Ресейлік банктер SWIFT жүйесіне қайта қосылады
АҚШ пен Ресейдің Қара теңіздегі атысты тоқтату туралы келісімінің нәтижесінде ресейлік банктер SWIFT-ке қосылатын болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Depositphotos.com
Кремль мәліметінше, жүйеге бірінші Россельхозбанк қосылады.
"1 және 2-тармақтар Россельхозбанкке және азық-түлік пен тыңайтқыштардың халықаралық саудасы бойынша операцияларды қамтамасыз етуге, оларды SWIFT-ке қосуға және қажетті корреспонденттік шоттарды ашуға қатысатын басқа қаржы институттарына қатысты санкциялық шектеулер жойылғаннан кейін күшіне енеді", – делінген хабарламада.
SWIFT – қаржылық ұйымдарға операциялар жөнінде ақпараттарды қауіпсіз түрде жіберуге және алуға мүмкіндік беретін жүйе.
Еске салайық, 2022 жылы Батыстың Ресейге қарсы санкциялары өз күшіне енген еді. Сол жылы 26 наурызда ресейлік банктер ресми түрде халықаралық SWIFT жүйесінен ажыратылған.
Талқылау