Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік бала күтушісі балаларды ұятсыз фильмдермен тыныштандыратынын айтып мақтанды

Ғаламторда Ресейдің Воронеж қаласында тұратын бала күтушісінің қылығы жұртты шошытты. Ол желідегі парақшасына бүлдіршіндерді тыныштандырудың әдісін жақсы білетінін жазған. Оның құпиясын да ашқан.

балақай

Жазба авторы өзін білікті бала күтушісі деп санайды. Себебі оны жалдаған ата аналар қылығына оң қарап, алғыстарын білдіреді екен.

«Бірнеше жылдан бері бала күтушісі болып жұмыс істеймін. Ата-аналар риза, балалар болса менің тілімді алады. Менің жұмысыма көңілі толғандар жақсы мінездемелерді жиі жазып береді. Мұның құпиясы: балалар шулап кеткен кезде ұятсыз фильмді қосып қоямын.

Өзім шаруаларымды жасап жүремін. Олар ұялады, бірақ ұнайтынын да жасырмайды. Қазірдің өзінде үш бүлдіршін +18 фильмдерін жақсы көреді»,-деп жазған келіншек желідегі парақшасына.

Бала күтушісінің ашқан жаңалығына жергілікті құқықтық орган қызығушылық танытқан. Олар қазірге әйелдің 10 жылдан бері бала күтушісі қызметінде отырғанын анықтаған. Алдағы уақытта өзі айтқан істерді жасаған болса шара қолданылатынын мәлімдеген.

Оқи отырыңыз:

Балқашта зорланған қыздың құрбысы осы іске қатысы бар деп айыпталып жатыр

Ақтөбелік келіншек өзін ұрлап кетіп сотталып жатқан адамды жақсы көріп қалды

Медициналық сақтандыру қызметін алу үшін бір ауруханаға тіркелу керек

Қытайда әділетсіз жеңілген қазақ боксшысының жанкүйерлері шу шығарды

Талқылау