Ресейдің Қазақстанға лас мұнай үшін қанша өтемақы төлейтіні белгілі болды
Ресей Қазақстанға лас мұнай үшін барреліне 15 доллар төлейді.

Өтемақының жалпы сомасы 76 миллион доллар. Ол шикізат шығындарын, мұнай сақтау шығындарын өтейді.
Екіжақтық келісім әлі нақты жасалған жоқ. 19 сәуір күні Белоруссия "Дружба" мұнай құбыры арқылы сапасыз ресейлік мұнай келгенін мәлімдеді. Шикізат құрамынан органикалық хлордың көп мөлшері табылды. Өз аумағы арқылы Еуропаға өтетін Польша мен Украина сапасыз болған үшін Ресейден келетін мұнайды тоқтатуға мәжбүр болды.
29 сәуірде Ресей "таза" шикізатты өңдеп шығарды. Сапалы мұнай Белоруссияға 2 мамыр күні жеткізілді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"