Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейдің Архангельск облысында қызыл қар жауды

Ресейдің Архангельск облысы Сура ауылындағы үйлердің шатырында қызыл қар пайда болды. Тұрғындар осындай құбылыстың себебін зымыранның құлауымен байланыстыруда.

20170208153512

Әкімшілік мәлімдегендей, қардың қызыл болуы қылқан жапырақты ағаштардың бүршігі салдарынан болуы мүмкін.

Мамандар қызыл қардың сынамасын Ломоносов атындағы Солтүстік (Арктикалық) федералды университетіне сараптама жасауға жібереді, деп хабарлайды News29.ru.

Мүндай оқиға бұл өңірде бірінше рет  болып тұрған жоқ. 2008 жылы наурыз айында Архангельск облысының бес ауданында сары қар жауған болатын. Ол кезде қардың сары болуы Волгоград және Калмыкия далалы аудандарынан келген жылы ауа ағымына байланысты өзгергені айтылды. Жылы ауа массасымен бірге шаң мен топырақ ілесіп келгенге ұқсайды.

Жіберіп алмаңыз:

Ұлыбританияда жасыл түсті күшік туылды

«Adidas» кроссовкасын киген моңғол мумиясының жасы анықталды (фото)

Он жасар қыз жанып жатқан үйден бес бауырын құтқарды

Қытайлық әйел 16 жыл мұз болып қатырылған эмбрионнан сау бала босанды

Талқылау