Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ресейден әкеліп пошта арқылы сатқан": Қостанай облысында заңсыз вейп таратқан азамат жауапқа тартылды

Қостанай облысында Ресейден вейп әкеліп, ел аймақтарына поштамен таратып, сатқан азамат сотталды. Одан 45 миллион теңге шамасындағы 7,5 мыңға жуық вейп табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Қаржылық мониторинг агенттігі

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, Қостанай тұрғыны өзі құрған телеграм-арнасы арқылы облыс аумағына вейптерді, оған арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды заңсыз таратқан.

“Вейптер Қазақстанға Ресей Федерациясынан әкелініп, әрі қарай курьерлер мен пошта жөнелтімдері арқылы бүкіл ел аумағында таратылған. 

Электронды темекі өнімдерін алуға өтінімдер 100 000 теңгеден басталған. Елімізде айналымына тыйым салынған вейптерді өткізу фактілерін жасыру мақсатында төлем шетел азаматының банк картасына қабылданып отырған.  

Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында құны 45 миллион теңге шамасындағы 7,5 мыңға жуық вейп табылып, тәркіленді”, – делінген хабарламада. 



Сот кінәліге пробациялық бақылауды белгілей отырып, 1 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады. Тәркіленген вейптер жойылуға жатады. 

Талқылау