Ресейдегі ұшақ апатынын тағы бір Қазақстан тумасы қаза тапты
Ресейде болған ұшақ апатынан ОҚО-ның тумасы Сергей Панченко қаза тапты. Оның артында екі баласы мен жары қалды.
Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.
Панченко Сергей Николаевич 1973 жылы 28-наурызда ОҚО, Ақсу ауылында туған. Оның балалық шағы да сонда өткен.
1996 жылы Омбы мемлекеттік техникалық университетінің инженер-технолог мамандығы бойынша білім алып шықты. 2009 жылы Мәскеудегі Ұлттық зерттеу университетінің «Экономика жоғары мектебі» факултетін бітіріп, «Жалпы және стратегиялық менеджмент» мамандығы бойынша MBA және «стратегиялық менеджмент» бойынша DBA дәрежесін алды.
Еңбек жолын 1996 жылы Норильск комбинаты типографиясынан бастап, механик, инженер-механик, баспаның бас инженері болып қызмет атқаарды.
2007 жылы «Northern City» медиа компаниясы» қоғамдық бірлестігінде директордың орынбасары қызметін атқарды. Бір жылдан кейін осы ұйымның бас директоры болып тағайындалды.
2017 жылы ол Норильск даму агенттігінің президенті болды.
РФ ІІМ қалалық департаменті жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі болды. Президенттік гранттар қорының және «Норильск никель» MMC қайырымдылық ұйымының «жаңа мүмкіндіктер әлемі» қызметін атқаарды.
Еске сала кетейік, Домодедово әуежайынан шыққан Ан-148 ұшағы апатқа ұшыраған еді. Онда 6-экипаж мүшесі, 65-жолаушы болған.
Ұшақ апатында ресейлік қазақ Тамерлан Ақназаров қайтыс болды. Және олардың арасында 1988 жылы туған Қызылорда облысының тумасы да болған.
Тағы оқыңыз:
Боғауыз сөздер айтып төбелес шығарғысы келген жігіттен полиция қызметкерлері қашып кетті
Шымкенттегі үш адам өліміне қатысты жаңа дерек шықты
Қазақ дәстүрі: Халқымыз не себепті кей қызын еркекшора қылып өсірген
Қазақ журналисі: Имамдар бүкіл дәстүрімізді жоқ қылатын түрі бар