Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде вахталық кенттегі жаппай төбелес: Үш қазақстандық әлі тергеуде отыр

Үш қазақстандық тергеудеФото: Видео кадрларынан скрин

Ресейдің Усть-Луга қаласындағы вахталық кентте болған жаппай төбелестен кейін Қазақстанның үш азаматы әлі де тергеуде отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазақстанның Ресейдегі Бас консулдығының мәліметінше, тәртіпсіздіктерден кейін түрлі елдердің 30-дан астам азаматы ұсталған.

Алғашқы тергеу шараларынан соң олардың басым бөлігі босатылған. Бірқатар адамға, оның ішінде Қазақстан азаматтарына да, 10 тәулікке қамау жазасы тағайындалған.

“Зардап шеккен немесе медициналық көмекке мұқтаж қазақстандықтар жоқ. Барлық азаматтарға консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр. Қазіргі таңда вахталық кенттегі жағдай тұрақты. Оқиғаға қатысы бар екі тарапқа қатысты тергеу жалғасуда”, – делінген хабарламада. 



Еске салсақ, Ресейде қазақстандықтардың қатысуымен жаппай төбелес болып, оларды полиция алып кеткені туралы хабарлаған едік. 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 30 Наурыз, 2026 10:34