Ресейде Талибан тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарылды
Тәліптер енді Ресей үшін лаңкес емес. Федерациялық кеңес бұған мүмкіндік беретін жаңа заңды мақұлдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Талибанның тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарылуы Ресейдің Ауғанстанды билеп отырған тәліптермен заңды қарым-қатынасы үшін қажет шара дейді билік өкілдері.
Бірақ қазір Ресей заңында тыйым салынған ұйымдарды тізімнен шығаруға арналған механизм жоқ. Бұл олқылық жаңа заң арқылы түзетілмек. Талибанға салынған тыйымды жою үшін ресейлік заңгерлер екі жылдан бері жұмыс істеп келеді екен.
Айта кетейік, Талибанға Ресейде 2003 жылдан бері шектеу қойылған. Тәліптер әлемнің бірқатар елінде, оның ішінде Ұлыбритания, Канада, АҚШ, Тәжікстан мен Түркияда әлі де террористік ұйым деп танылған. Биыл жазда Қазақстан да Талибанды қара тізімнен шығарған болатын.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін