Ресейде сатанистер күлсалғыш жасау үшін қабірден мүрде ұрлаған
Дондағы Ростовта қабірден әйелдің мүрдесін ұрлап кеткен үш күдіктіге 300 мың рубль төлеу міндеттелді. Олар аталған соманы марқұмның туыстарына өтеп берулері тиіс.
Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше 2015 жылдың қараша айында үш адам қабірден адам мүрдесін ұрлап кеткен. Олар адам сүйегінен күлсалғыш жасамақшы болыпты. Олар мәйітті жатақханадағы кереует астына жасырған. Олардың бірі сатанизммен айналысқан екен.
Айыппұл моральдық өтемақы ретінде қарастырылып отыр. Сондай-ақ іске қатысы барлар материалдық шығын ретінде тағы әрқайсысы 6,8 мығ рубль төлеулері тиіс.
Наурыз айында облыстық сот оларды Қылмыстық кодекстің 244 бабы бойынша айыпты деп тапқан еді. Студенттер Константин Задвинский мен Анастасия Бурлакова үш жылға, ал кәмелетке толмаған Наталья Овчарова 2,5 жылға шартты түрде бас бостандықтарынан айырылды.
Оқи отырыңыз:
Ресейде мектеп оқушылары тікелей эфирде өздерін атып өлтірді
Мұрынсыз туылған сәбидің қылығы көптің жүрегін елжіретті (фото)
Пластикалық отадан соң Кристина Агилераның түрі адам шошырлық күйге түсті (фото)