Ресейде қызғаншақ күйеуі әйелінің қолын шауып тастады
Отбасылық даудан туған қайғылы жағдайды ойдан шығарылған деп сенбестік танытуда. Ресей дәрігерлері ерекше отаны жасап шықты. Олар әйелдің бөлшектеп тастаған қолып қайта тігіп берді.
Қызғаншақ күйеуі әйелінің қолын шауып тастаған. 25 жастағы қыздың қолын дәрігерлер қайта тігіп берді. Ота 20 сағатқа созылды.
Дмитрий үнемі әйелін қызғанып келген. Кейінгі кезде олар бөлек тұрып келіпті. Тек балаларды бала бақшадан алып айтақанда ғана кездесіп жүрген. Осындай кезекті кездесуде күйеуі әйелін орманға апарып, қолын балтамен шауып тастаған. Әйелінің қолын 6 бөлікке бөлікке бөлген.
Кейіннен Маргаританы емханаға өзі алып келген. Оқиға орнына полицейлер келіп, тексеру жүргізді.
Алдымен оң жақ қолын тауып, кейіннен сол қолының бөлшектерін тапқан. Қол бөлшектері күн суық болғандықтан бұзылып кетпей жақсы сақталған.
Ер адам кінәсін толық мойындап отыр. Оған қатысты сот басталды. Үнемі тергеушілерден әйелінің денсаулығы жайлы сұрай беретін көрінеді.
Дәрігерлер жасаған бұл ота жақсы нәтиже берсе, әлем медицинасы кітабына енбек.
Тағы оқыңыз:
Жаға ұстатқан видео: Қытайлық экстремалдың өлімі
Бекетте төбелскен қыздардың бірі екіншісін пойыз астына итеріп жіберді (видео)
Қытай түрмесінде жатқан Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға қайтарылуы мүмкін