Ресейде бал ашып, балгерлікпе айналысу алаяқтыққа жатқызылатын болды
Көршілес Ресей елінің бақсы-балгерлерінің басына қара бұлт үйірілетін болды. Мемлекеттік Дума заңға түзету енгізіп, олардың «оғаштау» кәсіптерін алаяқтықтың бір түріне жатқызатын болмақ.
Қабылданатын құжатқа сәйкес, бақсы-балгер, сиқыршы, экстрасенстердің ақылы қызметіне енді алаяқтық пен бопсалау баптары бойынша тыйым салынады, деп жазады muslim.
Мемлекеттік Думаның әлеуметтік саясат және ардагерлер ісі жөніндегі өкілі Сергей Вострецовтың айтуынша, бұл мәселе бақсы-балгерлерге алданған жүздеген ресейліктердің арызынан кейін қозғалып отыр. Алайда, осы орайда «Экстрасенстер шайқасы» атты телебағдарлама туралы ешқандай пікір айтылмаған.
Соған қарағанда, Рсей Федерациясының Қылмыстық кодексіне жаңа қызмет түрі енгізілетін сияқты: «сиқыршылық» немесе «магиялық қызметтер» дегендей. Яғни, аталмыш қызметтің өзіне тыйым салынбайды, тек осы қызмет түрін пайдаланып арзан ақша табуға тосқауыл қойылмақ.
Тағы да оқыңыз:
Бесінші қабаттан құлаған алты жасар баланы құтқарған жігіттің кім екені анықталды
Сириядан қашып келген оралдық әйел «Ислам мемлекеті» құрамына қалай кіргенін айтып берді
Алматыда апалы-сіңлілерді өлтірген қанішер үшінші адамның көзін жойып үлгерген