Ресейде анасы екі ұлын тұншықтырып өлтірді
Ресейдегі Челябі облысында 24 жастағы әйел бір жасар және 4 айлық ұлын өлтірді деп күдікке ілінген.
Бұл туралы interfax.ru хабарлайды.
Челябі облысының тергеу органы екі ұлын өлтірді деп айыпталған әйелге қатысты қылмыстық істі қозғады.
“Тергеу нұсқасы бойынша күдікті 4 айлық және бір жасар баласын өлтірген. Балалардың денесі 2016 жылдың 6 қазанында
Магнитогорск қаласындағы пәтерлердің бірінен табылған”, – делінген хабарламада.
Қазір әйел қамауда. Оған қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Талқылау