Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде 13 жастағы егіз қыздар туған ағасынан жүкті болып қалды

Волгоград қаласының Советский ауданында 13 жастағы егіз қыздар 25 жастағы туған ағасынан жүкті болып қалды.

Бұл туралы өңірлік РТК ТБ сайтына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

2016 жылдың қыркүйек айында күдікті Тәжікстаннан ата-анасы мен қарындастарының үйіне келген. Ол шамамен бір жыл бойы өз қарындастарымен жыныстық қатынасқа түсіп келген. Екі оқушы қыз да жүкті болып қалғанда, сұмдық жайттың беті ашылған.

«Анасы құқық қорғау органдарына шағымданудың орнына, ұлын «жасырып» қойып, табыс табу үшін көршілес ауданға жіберген. Жігіт сол ауданнан ұсталды», – делінген РТК хабарламасында.

Ал аталған қылмыс туралы әйелдерге кеңес беру бөлімінің дәрігерлері полицияға хабарлапты. Анасы егіз қыздарын әйелдер дәрігеріне көрсеткен екен.

Құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізіп, жігітті айыпты деп танып, істі сотқа жіберді.

Ал егіз қыздардың ағасы өз кінәсін толықтай мойындады.

Оқи отырыңыз:

Әйел жаңа туған сәбилерін 10 жыл бойы мұздатқышта күйеуінен тығып келген

АҚШ президенті мұсылмандарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Лотереядан 19 миллион доллар ұтып алған жігіт атақты банк тонаушысы болып кеткен

Күзетшілер аязды күні жезөкше қыздарды жалаңаш далаға шығарып жіберген (видео)

Талқылау