Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей "русофобия" үшін қазақстандықтарға қарсы қылмыстық іс қозғай алады

Ресей Федерациясының үкіметі "русофобия" үшін қылмыстық жауапқа тартуды қарастыратын заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Іnterfax порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Duma.gov.ru

"Ресей Федерациясының үкіметі көрсетілген ескертулерді ескерген жағдайда заң жобасын қолдайды", – делінген құжатта.

Ел үкіметі мақұлдаған заң жобасында "қылмыстық заңның күші шетел азаматтары мен Ресейде тұрақты тұрмайтын азаматтығы жоқ азаматтарға да және Ресей азаматы емес "отандастарға" да жүреді" деп көрсетуді ұсынып отыр.

Бұдан бөлек Ресей азаматына қатысты кемсіту әрекетін жасаған шетелдік лауазымды тұлғалар, халықаралық ұйымдардың лауазымды тұлғалары немесе қызмет атқаратын шетелдіктер де "русофобия" заңы бойынша қылмыстық жауапқа тартылмақ.

"Кейбір жағдайларда, сотталушы орындығында ешкім отырмаса да, яғни айыпталушы жоқ болса да, оның үстінен "жеңіл немесе орташа ауыр бірқатар қылмыс бойынша" сот өткізу көзделген. Ресей үкіметі мұның алдында да бұл заң жобасын қарап, ескертулерін енгізуді, өңдеуді сұраған еді. Соңғы нұсқада олар ескеріліп отыр", – делінген басылым жазбасында.

Айта кетейік, бұл заң жобасын мемлекеттік Дума вице-спикері Ирина Яровая мен қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комитеттің басшысы Василий Пискарев әзірлеген.



Еске салайық, бұған дейін ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки Орталық Азия елдерін тағы да русофобия бар деп айыптағанын жазған едік. Тина Канделаки Қырғызстан астанасы Бішкектегі Иван Панфилов атындағы Әскери даңқ мұражайы орналасқан ғимаратты бұзу туралы шешімге қатысты пікір білдірді. Канделакидің сөзінше, ғимаратты сақтап қалуға мүмкіндік бар еді, алайда оны алып тастаған.

Талқылау