Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей президенті "Росатом" Қазақстан тарапымен ауқымды жобаларға дайын екенін мәлімдеді

Ресей президенті Владимир Путин "Казахстанская правда" газетіне жариялаған мақаласында "Росатом" Қазақстанда ядролық-отын циклі саласындағы жобаларды жүзеге асыруға және уран өнеркәсібін дамытуға практикалық көмек көрсетіп жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: rosatom.ru

"Қазақстанда ядролық-отын циклі саласындағы жобаларды жүзеге асыруға және уран өнеркәсібін дамытуға "Росатом" компаниясы практикалық көмек көрсетіп жатыр. Әлемде баламасы жоқ ерекше техникалық шешімдер мен құзыреттерге ие Ресейдің мемлекеттік корпорациясы қазақстандық тараппен жаңа ауқымды жобаларды іске асыруға дайын", – деді Путин  "Казахстанская правда" газетіне жариялаған мақаласында.

Сонымен қатар Владимир Путин жыл сайын Қазақстан экономикасына салынған ресейлік инвестициялар көлемі артып келетінін, қазіргі олардың жалпы көлемі шамамен 13 миллиард доллар екенін атап өтті.

"Республикада ресейлік қатысы бар 23 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Біздің елдердің компаниялары өнеркәсіптік кооперация және жоғары технологиялар саласында бірқатар ірі бірлескен жобаларды іске асырып, толық индустриялық циклдегі жаңа өндірістерді жолға қоюда. Бұл экономикалардың кешенді жаңғыруына және Ресей мен Қазақстанның технологиялық егемендігін нығайтуға ықпал етеді", – деді ол.



Еске салайық, бұған дейін үкімет басшысы Олжас Бектенов пен "Росатом" басшысы атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты талқылағанын жаздық. Кездесуге қатысушылар аталған салалардағы заманауи технологияларға қатысты өзекті мәселелерді қарастырды. Сондай-ақ салаларды одан әрі дамытуға бағытталған өзара іс-қимылы мәселелері талқыланған. Қазақстан үкіметі елдегі АЭС құрылысын жүргізуі мүмкін компаниялармен келіссөздерді бастағаны туралы жазған едік. 

Талқылау