Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей премьер-министрі Қазақстанға келіп, жаңа бірлескен жобалар туралы талқылады

Фото: primeminister.kz

Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Қазақстанға сапармен келді. Ол Ресей мен Қазақстан арасында жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға үлкен мүмкіндік бар екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Михаил Мишустиннің айтуынша, бұл жобалар энергетика, өнеркәсіп, көлік инфрақұрылымы, ауыл шаруашылығы және цифрлық экономика салаларын қамтуы мүмкін.

Сондай-ақ ол Касым-Жомарт Токаевтің өткен жылдың қарашасында Ресейге жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша маңызды келісімдерге қол жеткізілгенін айтты. Атап айтқанда, 2030 жылға дейінгі экономикалық ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасы бекітілген.

“Әртүрлі салада жаңа бірлескен жобаларды іске қосу үшін үлкен әлеует бар. Бұл бағытта үкіметаралық комиссия белсенді жұмыс істеп жатыр”, – деді ол.

Сонымен қатар, гуманитарлық ынтымақтастыққа, әсіресе білім беру саласына ерекше көңіл бөлінетіні айтылды. Жыл сайын Ресейде білім алатын қазақстандықтар саны артып келеді.



Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов те Михаил Мишустинмен кездесуде Ресей Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктестігі туралы пікір білдірді. Бектеновтің сөзінше, Владимир Путиннің Қазақстанға алдағы сапарына ерекше мән беріліп отыр.

Премьер-министрдің айтуынша, екі ел арасындағы тауар айналымы 30 миллиард долларға жуықтаған. Өзара инвестиция көлемі де өсіп келеді. Соңғы 20 жылда Ресей бизнесі Қазақстан экономикасына 28 миллиард доллардан астам қаржы құйған. Ал қазақстандық компаниялар Ресей экономикасына шамамен 9 миллиард доллар инвестиция салған.

Сонымен қатар, Қазақстанда ресейлік бизнес белсенді жұмыс істейді. 22 мыңнан астам ресейлік қатысуы бар кәсіпорын тіркелген. Бұл – елдегі шетелдік компаниялардың шамамен үштен бірі.

Еске салсақ, бұған дейін Ресей үкіметінің басшысы Михаил Мишустин Қазақстанға жұмыс сапарымен келетінін хабарлаған едік.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 25 Наурыз, 2026 19:27