Ресей қуана-қуана Қазақстанға басып кірер еді, бірақ қазір оның күші жетпейді – Гордон
Белгілі украиналық журналистің пікірінше, Ресей Украина аумағын жаулаған соң Қазақстанға да басып кірер еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Гордон өз YouTube-арнасында көрермендердің сұрағына жауап беріп, Ресейдің Қазақстанға соғыс ашуы қаншалықты мүмкін екенін түсіндіріп көрді.
"Ресей Қазақстанмен соғыспай-ақ, қуана-қуана аумағына кіріп, басып алады. Алайда қазір оның екі соғысты жүргізуге шамасы жетпейді. Біз оны шаршаттық", – деді ол.
Журналист Ресей президенті Владимир Путиннің Совет өкіметін қайта құрғысы келетінін айтады.
"Толығымен болмаса да Украина, Ресей, Беларусь пен Қазақстанды біріктіреді. Егер мүмкін болса, Тәжікстан мен Өзбекстан, әрі қарай да жылжиды. Балтық жағалауының кеткені белгілі. Бірақ Грузия, Армения мен Әзірбайжан бар. Мұның барлығы ол үшін Совет өкіметі", – дейді Гордон.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан