Полиция "Ресей халқының Оралға қашып жатқаны" туралы ақпаратқа пікір білдірді
Желіде түнде үш автобустың айналасында ондаған адамның жиналған видеосы тарады. Автобустар педагогикалық институт аялдамасында тұр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скриншот
Видео авторы жағдайға түсініктеме бере отырып, олар соғыстан қашып, Оралға көшіп бара жатқан орыстар екенін айтады. Сөзінше, ресейліктер Қазақстанға ағылып келіп жатыр.
Батыс Қазақстан полиция департаментінің баспасөз қызметі мұның жалған екенін хабарлады.
“26 тамызға қараған түні Оралға Ресейден босқындар үш автобуспен келгені туралы видео қызу тарап жатыр. Көрсетілген мәлімет шындыққа жанаспайды. Олар – БҚО-ның мектеп бітіріп, Ресейге оқуға түскен талапкерлері. 135-ке жуық студент Қазан қаласына аттанады”, – делінген ведомствосында.
Полиция жалған ақпарат үшін жауапкершілік көзделгенін мәлімдеді.
Перизат Қайраттан тәркіленген 80 миллиондық Mercedes астаналық полицейлерге берілді
Одан бөлек Перизаттан тәркіленген Mercedes-Benz EQE 500 4Matic көлігі бар. Алайда ол әзірге аукционға қойылмады
Алматы облысында 15 жастағы қыз өзін 8 жігіт екі ай бойы зорлап келгенін айтты (видео)
Күдіктілердің ең үлкені 26 жаста, ең кішісі – 16-да