Ресей делегациясы Украинамен келіссөз жүргізуге 15 мамырда Ыстамбұлға барады: Қатысушылар құрамы жарияланбады
Фото: Сергей Карпухин/ ТАСС
Ресей өкілдері 15 мамыр күні Ыстамбұлға барады және сол жерде украин тарапын күтеді. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Дегенмен делегация құрамын ол әзірге жарияламады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ria.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Украина президенті Владимир Зеленский бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен Анкарада кездесу туралы келісім жасағанын айтқан еді. Егер Владимир Путин Түркия астанасына барудан бас тартып, Ыстамбұлды таңдаса, онда Зеленский мен Ердоған да сол жаққа баруға дайын екенін мәлімдеді.
"Біз бұл кездесудің Путинмен өтуі үшін барлығын жасаймыз. Атысты тоқтату туралы шешімді ол ғана қабылдай алады", – деп атап өтті Украина басшысы.
Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерге АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио да қатысатыны белгілі болды. Бұл туралы Дональд Трамп Сауд Арабиясындағы инвестициялық форумда айтты. АҚШ президенті келіссөздерден "өте жақсы нәтижелер" күтетінін де жеткізді.
Франция президенті мен Германия канцлері Киевке барар жолда есірткі тұтынды деп айыпталды
Еске салайық, 11 мамырда Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Украинаға ешқандай шарт қоймастан тікелей келіссөздер жүргізуді ұсынған еді. Ресей тарабы мұндай диалогты 15 мамырда-ақ Ыстамбұлда бастауға дайын екенін жеткізді.

22 жастағы қазақстандық қыздан асқынған сатыдағы қатерлі ісік анықталды: Ол диагнозды жүкті кезінде білген
