Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей Қазақстанға көліктің алдыңғы терезелерін қараңғылауға рұқсат беруді ұсынды

автокөлік терезесін қараңғылауФото: depositphotos.com

Ресей мемлекеттік думасының депутаттары Ресейде ғана емес, ЕАЭО-ға мүше барлық елдерде автокөліктің алдыңғы терезесін қараңғылауға рұқсат беруді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ресей думасының еңбек және әлеуметтік саясат комитетінің төрағасы Ярослав Нилов ЕЭК алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевқа хат жолдады.

"ЕАЭО елдерінің көпшілігінде ауа температурасы +30-40 градусқа және одан да жоғары деңгейге жетеді. Аптап ыстықтан бөлек, көліктің ішіне түсетін тікелей күн сәулелері жүргізушінің көлікті басқаруына айтарлықтай кедергі келтіреді. Бұл жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіреді, өйткені жүргізуші ауа райына көңіл бөліп, алаңдауға мәжбүр болады", – делінген хатта.

Маусым айында Respublica партиясының депутаттары да Қазақстанда көліктің алдыңғы терезесін  қараңғылау салынған тыйымды алып тастауды, сондай-ақ терезесін қараңғылағылары келетіндер үшін 50 АЕК көлемінде (яғни 196 600 теңге) төлем енгізуді ұсынған еді.

Алайда Қазақстанның ішкі істер министрлігі бұл бастаманы құптамады. Министрлік мәліметінше айтуынша, бұл жағдайда жүргізушінің қауіпсіздік белдігін тағып-тақпағанын немесе қозғалыс кезінде телефонмен сөйлесіп отырғанын анықтау қиындай түседі.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда көлік терезесінен қолын шығарғандарға айыппұл салынатыны туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 21 Шілде, 2025 19:35
Талқылау