Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рэп-орындаушы Qarakesek сотқа мәжбүрлі түрде жеткізілетін болды

Рэп-орындаушы Qarakesek сотқа мәжбүрлі түрде жеткізілетін болдыФото: Instagram.com (@qarakesek_west)

Qarakesek атымен танымал рэпер Омар Амантаев сот отырысының күні мен уақытынан хабардар бола тұра сотқа келмеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақтөбе қалалық сотында Омар Амантаевқа қатысты іс қаралып жатыр. Әншіге Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігі бойынша айып тағылған.


Әнші Ерболат Құдайберген 15 тәулікке медициналық мекемеге жатқызылды


Алайда айыпталушы сот отырысына келмеген. Алдымен қорғаушысы арқылы бірнеше минутқа кешігетінін хабарлағанымен, кейіннен сот процесіне қатыспайтыны белгілі болды.

“Ол сот отырысының күні мен уақытын біле тұра, сотқа келмеді. Кешігетіні туралы хабарламадан кейін үзіліс жарияланды. Алайда сотқа себептерін растайтын дәлелдер ұсынылмады. Қылмыстық-процестік кодекстің 157-бабына сәйкес, айыпталушы Омар Амантаевты сот отырысына мәжбүрлі түрде жеткізу туралы шешім қабылданды. Сот отырысы 19 ақпан күні сағат 15:30-ға белгіленді”, – деді судья.

Еске салайық, 4 қыркүйекте Ақтөбе қаласында 31 жастағы рэп-орындаушы есірткіге масаң күйінде көлік жүргізіп отырған жерінен ұсталған еді. Амантаев 15 тәулікке қамауға алынды. Сондай-ақ ол 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Сондай-ақ есірткі заттарын заңсыз қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Омар Амантаевтың кінәсі дәлелденсе, әншіге 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынуы немесе 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін. Сонымен қатар 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы да қарастырылған.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 18 Ақпан, 2026 19:11