Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рэпер P. Diddy 4,2 жылға сотталды

Фото: Gareth Cattermole / Getty Images

АҚШ-та Манхэттендегі аймақтық сот рэпер Шон Комбсты (P. Diddy) төрт жыл және екі айға бас бостандығынан айыруға және кейінгі бес жыл қадағалау туралы үкім шығарды. Бұдан бөлек ол 500 000 доллар көлемінде айыппұл арқалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәліметтерге сенсек, 2024 жылғы қыркүйекте ұсталғалы бері P. Diddy бір жыл қамауда болғанын және жақсы мінез-құлық үшін жазаны жеңілдету мүмкіндігі ескеріліп, 2028 жылға дейін түрмеде қалуы ықтимал.

P.Diddy-ді зорлық көрсетуге қатысатын қылмыстық топ құруда және эскорт қызмет көрсететін әйелдер мен ер адамдарды есірткі әсерінде қатыгездікке итермеледі деп айыптаған. Үш ай бұрын өткен жеті апталық сот процесінен кейін ол проституцияны ұйымдастыру бойынша екі бап бойынша кінәлі деп танылды, бірақ рекет және адамдарды жыныстық мақсатта пайдалануға қатысты ауыр айыптардан ақталды.

Соңғы сот процесі бес сағаттан астам уақытқа созылып, рэпер мен оның алты баласы кедергісіз рақымшылық сұрады.

"Diddy-дің үлкен ұлы Куинси Браун әкесін "өзгерген адам" деп сипаттап, маңызды сабақ алғанын айтты. Үшінші ұлы Кристиан Комбс судьядан мейірімді болуды сұрады. Оның қыздары да рақымшылық үшін көз жасын төкті, әкесі де жылағаны көрінді", – делінген басылымда.

P.Diddy соңғы сөзінде судьядан кешірім сұрап, зорлық жасады деп айыптаған екі әйелден кешірім сұрады.

Осылайша, ол өзінің өзгергенін және тағы бір мүмкіндік беруді өтінді. 

Рэпер анасы Дженис Комбске қарап "Сіз мені жақсырақ болуға үйреттіңіз. Сіз мені жақсы тәрбиеледіңіз" деп сөйлеген.

"Бәрінен айырылдым. Барлық бизнесімді, мансабымды, беделімді және ең бастысы, өзім қадірсіз екенімді сезіндім. Қорлыққа ұшырап, сынып қалдым. Қазір дымым да жоқ", – деді P.Diddy сот отырысында.

Айта кетейік, егер Комбсті адамдарды жыныстық мақсатта пайдалану бойынша кінәлі деп таныса, оған өмір бойы түрме жазасы қарастырылатын еді. 


Прокурорлар P. Diddy-ді 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады


Сексуалды құлдық бойынша айыпталған P.Diddy-ді алқабилер ең ауыр баптар бойынша ақтап жіберді


Еске салайық, бұған дейін 17 қыркүйекте рэпер әрі продюсер Puff Daddy (P.Diddy деген атпен белгілі) рэкет, сексуалды құлдық пен сауда және жеңгетайлық үшін қамауға алынып, Голливудта үлкен шу шыққан еді. Рэпердің ұйымдастырған кештерінде танымал поп-жұлдыздардың болғаны да белгілі, желіде фотолар пайда болған.

Айым Атамбаева
Сенбі, 04 Қазан, 2025 13:19
Талқылау