Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ренжимін": Мәдина Сәдуақасова ашық-шашық суреттеріне қатысты пікір білдірді

Мәдина Сәдуақасова елдің сүйікті, ерке қызы болғанымен, ара-тұра жағымсыз пікірдің астында қалады. Оған себеп – әншінің жағажайдағы купальникпен түскен суреттері. Сәдуақасова теріс пікірлерді оқығанда, көңілінің құлазып қалатынын айтады. Бұл туралы Мәдина "Алматы" арнасының Paparazzi бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Судың жағасында купальникпен жүрген сурет-видеоларды мен де саламын. Сол жағажайда жүрген кезде саған ешкім мән бермейді. 
Бәрі кәдімгідей көзбен қарайды. Ал былай шыққан кезде, көрермендер қатты реакция қалдырады. Судың жағасында басқа киім кимейтінің анық", – деген Мәдина теріс пікірлерді оқығанда халыққа ренжіп қалатынын жасырмады. 

"Ренжимін. Бірақ қазір комментарий мүлдем оқымаймын. Баяғыда оқитынмын. Егер көңілге тиетіндей пікір болса, ұзақ уақыт көңіл күйің түсіп жүреді. Соны көңіліңе алып жүресің. 

Жақсы пост салсам, оқимын. Мысалы, жақында Тамара Асар босанды, өзімнің туған күніме жазылған тілектерді шын жүректен оқып шықтым", – дейді Сәдуақасова.



Мәдина өнердегі құрбысының қызды болғанына қатты қуанған. Өзі де Тамара Асардың жолын берсе деп армандайды. 

"Мен өзім ырымдап алдым. Жұғысты болсын деп жөргегін ұстадым. Ажарды әлі көрген жоқпыз, өйткені папасы көрсеткен жоқ", – деп ағынан жарылды ол. 

Талқылау