Рекордтық өнім жинаған қазақстандық диқандар қиын жағдайда: Депутаттар дабыл қақты
Рекордтық өнім жинаған қазақстандық диқандар астықтарын сата алмай отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: ortcom.kz
Мәжілісте ауыл шаруашылығы мәселелерін талқылаған депутаттар саланың қиын жағдайда екенін айтып, дабыл қақты. Депутаттардың айтуынша, бұған астық бағасының арзандауы, толып жатқан элеваторлар мен төленбеген несиелер себеп екенін айтады.
Ал ауыл шаруашылығы министрі диқандардың мемлекетке арқа сүйеуді тоқтататын кезі келді деп есептейді. Сондай-ақ министр алдағы жылы ауыл шаруашылығы министрлігі отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялауды тоқтататынын мәлімдеді.
Депутат Жигули Дайрабаев отандық шаруылардың жағдайы қиын екенін айтты.
“Барлық элеваторларда астық жатыр. Азық-түлік корпорациясы сата алмай отыр. Шаруалар кедейшілікте, несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемелері өсіп жатыр. Саяси ұйым ретінде оларды әр жолы "шыдаңыздар, бәрі жақсы болады" деп сендіреміз. Бірақ жақсарып жатқан ештеңе жоқ”, – деді депутат Жигули Дайрабаев.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров диқандарды мемлекетке арқа сүйеуді доғарып, өз элеваторларын салуға және оларды субсидия емес, несие алуға шақырды.
“Келесі жылдан бастап субсидия бермейміз, субсидияны алып тастаймыз. Шаруалар таза 5%-бен несие алады. Субсидиялар тікелей қаржы институттары мен банктерге түсетін болады. Шаруаларға қатысы жоқ”, – деді ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.
Биыл қазақстандық диқандар рекордтық өнім жинады. Депутат Айдарбек Қожаназаров бұл нәтиженің көңіл көншітпейтінін айтады, себебі бағаның құлдырауына байланысты шаруалардың кірісі айтарлықтай азайып отыр.
“Өткен жылы 10-11 центнердің төңірегінде өнім алсақ, бесінші сортқа баға 55 мың болды. Қазір үшінші сорт үшін баға – 45-50 мың төңірегінде. Яғни, 30 пайызға артық өнім алдық, бірақ баға 20 пайызға түсіп кетті. Тиісінше, биылғы жыл былтырғыдан 10 пайызға ғана жақсырақ”, – дейді депутат Айдарбек Қожаназаров.
Үкімет биыл астық экспортталатын елдердің тізімін кеңейтуді көздеп отыр. Қытай, Иран, Ауғанстан және ТМД елдерінен бөлек Солтүстік Африка елдеріне де астық жөнелту жоспарлануда. “Қазақ темір жолы” компаниясының мәліметінше, осы мақсатта 12 мың вагон дайын.
Еске салсақ, бұған дейін Ресейдің Қазақстаннан бидай әкелуге ресми түрде тыйым салғаны туралы жазған едік.