Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Регина Вандышева “Әлем аруы – 2015” байқауына дайындалып жатыр

Регина Вандышева Қытайда өтетін “Әлем аруы – 2015” байқауына қалай дайындалып жатқанын айтты

 

рег

– Бұл мен үшін үлкен абырой. Сондықтан мен бүкіл күш-жігерімді салып  жатырмын. Қазірден бастап шығармашылық нөмірге, спорттық байқауға, ұлттық киімді таныстыру байқауына дайындалудамын, – дейді Регина Вандышева.

Жеңімпазды барлық байқаудан жинаған балдың қосындысымен анықтайды.  Оның есімі  тек 19 желтоқсанда белгілі болады. Дегенмен, қатысушыларды бір ай бойы қадағалап отырады.

Айтуынша, таланттар байқауында контемпорари стилінде би билейді. Және ұлттық киімді отандық  дизайнер Аида Кауменованың үлгісін ұсынады. Байқаудың ақтық сынында  анасы мен директоры қолдауға келеді екен.

 

 

 

Талқылау