Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Референдум кезінде әзірге заңбұзушылықтар тіркелмеген – Бас прокуратура

СЦК

Фото: ОКҚ

Бас прокуратура референдум кезінде заңбұзушылықтар тіркелмегенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының басшысы Бекжан Караманов айтты.

"Жалпы алғанда, дауыс беру үдерісі заң аясында өтіп жатыр. Референдум кезінде заңдылықты қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда", – деді Бекжан Караманов.

 

ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев хабарлады. Оның айтуынша, басшылық және командалық құрам – тәулік бойы кезекшілік атқарады. Мемлекеттік органдармен бірлесіп референдум учаскелері алдын ала тексерілді. Олардың техникалық қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі және терроризмге қарсы қорғанысы қаралды. Барлық учаскелер тәулік бойы бақылауға алынды.

"Полиция қызметкерлері дауыс беру залдарында болмайды. Олар тек комиссия төрағасының шақыруымен және қоғамдық тәртіп бұзылған жағдайда ғана кіре алады. Қазіргі уақытта елдегі жағдай – тұрақты, толық бақылауда. Қоғамдық тәртіп бұзу фактілері тіркелген жоқ. Ішкі істер министрлігі – азаматтарды заңды сақтауға және қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырады", – деді Ш.Әлекешев.

Назархан Уән
Жексенбі, 15 Наурыз, 2026 10:14