Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ред флаг ене": Желіде Сәкен Майғазиевтің жұбайы сынға қалды

Сынға түстіФото: Видеодан скриншот

Желіде ұлы мен келінінің ортасында отырған Сәкен Майғазиевтің әйелі Динара Майғазиева жұрттың сынына қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде тараған видеода Динара Майғазиеваның ұлы мен келінінің ортасында, ал қарама-қарсы бағытта жолдасы мен қызы отырғаны көрінеді.

“Сәкен Майғазиевтің әйелі – ред флаг ене. Келіні мен ұлының ортасына отырып алыпты ғой. Жалпы, ер мен әйел әрқашан қатар, бірге отыруға тиіс. Қалай десек те, әркімнің жары өз жанында отырғаны дұрыс емес пе?!” – деп жазған Threads қолданушысы.

Осы тұста желі қолданушылары екі топқа бөлінді. Бірінші топ өнер иесінің жарын қолдап, ұлы ер адам болғаны үшін сыйлап жоғары отырғызғанын жазған.

“Менің ойымша Динара ханым ұлын ер азамат деп сыйлап, төрге өзінен жоғары отырғызды. Ал өзі келінінің жанында кесесін ұстап, шай құйысып сіз-біздесіп отыр. Жаман ойламаңыздар, өзіміз де үйге адам келсе шашырап отыра саламыз”, “Анасы ұлын ер адам болған соң жоғары отырғызып, өзі төмен отыр. Оның несі жаман?”, “Ешкандай жаман нәрсе көріп тұрған жоқпын, жай шай ішуге отыра салғаны шығар. Неге тырнақ астынан кір іздеп отырасыздар?” – деп жазған олар.

Ал екінші топ ерлі-зайыпты қайда жүрсе де, қатарласып отыруы керегін айтып, Динара Майғазиеваны сынап тастаған.

“Осы кісі үнемі шектен шығады”, “Баласына жабысып қалған екен”, “Нағыз ред флаг ене, сұхбатта да келінімен жағаласып еді”, “Балалары тіпті достарын қонаққа шақырғанда да араласып жүріп еді”, “Ата-енем суретке түсерде “жастардың арасына тұруға болмайды” деп кетіп қалады. Қонаққа барсақ, бірге отырғызады, арамызға ешкімді араластырмайды. Сондықтан мен мұндайды түсінбеймін”, – деп жазған олар.

Айта кетейік, бұған дейін Сәкен Майғазиевтің жаңа түскен келініне жұрт аяушылық білдіргені хабарланған еді. 

Айнұр Мұхади
Сейсенбі, 18 Қараша, 2025 13:06
Талқылау