Red Bull Dance Your Style 2025: Қазақстанды әлемдік сахнада кім таныстырады
11–12 шілде күндері Алматыда Red Bull Dance Your Style халықаралық көше биі сериясының ұлттық финалы өтеді. Жеңімпаз Лос-Анджелес қаласында (АҚШ) өтетін
әлемдік финалда Қазақстанның намысын қорғайды.
Әркімге мүмкіндік бар
Red Bull Dance Your Style тек кәсіби би шеберлеріне ғана емес, өз күшін дәлелдегісі келетін кез келген адамға сахнаға шығуға мүмкіндік береді. Ашық іріктеу кезеңі 11 шілде
күні сағат 18:00-де Алматы қаласындағы Jameson Camp алаңында (Абылай хан даңғылы 141) өтеді.
Іріктеу екі кезеңнен тұрады. JAM SESSION форматында қатысушылар шеңбер құрып, DJ мен MC-дің әуеніне билейді. Қазылар ең үздік бишілерге арнайы Red Bull монеталарын
табыстайды. Келесі кезеңге өту үшін кемінде үш монета жинау қажет.
Содан кейін — SHOWCASE BATTLE: күтпеген әуендерге 1x1 қысқа баттлдар өтеді. Қайсысы ұлттық финалға жолдама алатынын қазылар мен көрермендер шешеді.
"Шымбұлақтағы" финал
12 шілде күні сағат 13:00-де Шымбұлақ тау курортында 8 арнайы шақырылған биші мен ашық іріктеуден өткен финалистер жиналады. Олардың барлығы — hip-hop, popping,
locking, krump, vogue, waacking және басқа бағыттардың өкілдері. Red Bull Dance Your Style додасында классикалық мағынада қазылар болмайды —
жеңімпазды тек көрермендер анықтайды. DJ күтпеген тректерді қосады, ал биші залды өзіне қаратып, көрерменнің дауысын алуы керек.
"Бұл — бишілерге де, осы өнерден алыс жүргендерге де биіміздің сан қырлы екенін және кез келген әуенге биленетінін көрсету мүмкіндігі", — дейді финал қатысушысы Чингиз
(Balck Dust).
"Мен үшін бұл — vogue femme бағытын өз болмысымен көрсетуге берілген үлкен құрмет. Вог қауымдастығына назар аударып, бізді бағаламауға болмайтынын
дәлелдегім келеді", — деп бөлісті арнайы шақырылған финалист Данира Бабаева.
Финал сахнасында қазақстандық хип-хоп сахнасының маңызды командаларының бірі — SHULAMAH тобы өнер көрсетеді. Бұл — музыка мен бидің бір тілде сөйлейтін ортақ
алаңы.
Көрермендерге арналған
• Кіру тегін
• Жеңімпазды көрермендер өздері таңдайды
• Барлық қонақтарға — Шымбұлақ аспалы жолына 50% жеңілдік
• Red Bull, әуен мен жазғы атмосфера — бұл оқиғаның бір бөлігі болуға жеткілікті
Әлемдік серия туралы
Red Bull Dance Your Style — 1x1 форматындағы жаһандық көше биі баттлы. Би шеберлері поп, хип-хоп және күтпеген әуендерге импровизация жасайды. Серия алғаш рет 2011
жылы Париж көшелеріндегі джемнен басталып, бүгінде 50-ден астам елде 160-тан астам іріктеу кезеңін қамтиды.
Биылғы әлемдік финал 11 қазанда Лос-Анджелес қаласындағы Clippers Stadium аренасында өтеді. Онда 51 елдің ұлттық жеңімпаздары 10 000 көрермен алдында өз
өнерін көрсетеді.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
