Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Реалдың” жұлдызды қақпашысы Тибо Куртуа жарақатына байланысты қатардан шығып қалды

Тибо КуртуоФото:Тибо Куртуо/BBC

Мадридтік “Реалдың” жұлдызды қақпашысы Тибо Куртуо “Баварияға” қарсы матчта алаңға шықпайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл қос команда үшін де УЕФА Чемпиондар Лигасы аясындағы маңызды ойын болмақ.

Қақпашы Чемпиондар Лигасының ширек финалында “Манченстер Ситиге” қарсы ойын барысында денсаулығы сыр бергенін айтып, матчты жалғастыра алмаған еді. Ал оның орнын украиналық қақпашы Андрей Лунин алмастырды.

Кейін белгілі болғандай Тибо Куртуанығ бұлшық ет жарақатына байланысты шамамен 1,5 айға ойындардан тыс қалатыны белгілі болды.


“Қайрат” командасынан кейін “Манчестер сити”: “Реалдың” аңыз қақпашысы тарихи рекорд орнатты


 

Айта кетейік, Тибо Куртуа 2018 жылы Реал Мадрид клубына ауысып, сол уақыттан бері команданың негізгі қақпашысы ретінде бірнеше ірі жетістіктерге қол жеткізді. Ол клубпен бірге УЕФА Чемпиондар Лигасында топ жарды. Сондай-ақ Испанияның Ла Лигасында чемпион атанды және әлемдегі ең үздік қақпашылардың бірі.

Ақерке Өмірхан
Бейсенбі, 19 Наурыз, 2026 19:31