Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Реалдың ойынына қатысы жоқ": Джеки Чанның Алматыға келуіне қатысты ақпарат шықты

джеки чан Фото: Видеодан скриншот

Әлемге әйгілі актер Джеки Чанның Алматыға не үшін келгені белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Salem Entertainment  мәліметінше, тараптар ірі бірлескен жобаны жүзеге асыруға кіріскен. Алматыда болған уақытында актер алдағы картинаның түсірілім алаңдарын таңдаған. 

“Толығырақ мәліметті әзірге құпия сақтаймыз. Бірақ сеніңіздер, алда сіздерді ғаламат жаңалықтар күтуде. Жаңалықтарымызды бақылап отырыңыздар, ең қызықтысы әлі алда!” – делінген хабарламада. 



Сондай-ақ, белгілі актер, бірнеше веб сериалдың басты рөлдегі кейіпкері Рүстем Омаров Джеки Чанмен түскен суретін жүктеді.

"Жақында бәрін білетін боласыздар. “Реалдың” ойынына дым қатысы жоқ", – деді актер әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салайық, аты аңызға айналған актер Джеки Чан Алматыға келіп, көпшілік "Димаш шақырды ма, Қайратты көруге келді ме" деп сұраған еді. 

Гүлдана Нұрлыханова
Жұма, 26 Қыркүйек, 2025 10:59
Талқылау