Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Реал Мадрид" құрамындағы кезекті жанжал: Киллиан Мбаппе мен Жуниор Винисиус арасында дау шықты

Реал МадридФото: Getty Images

"Реал Мадрид" клубындағы жағдай тағы да қиындай түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл жолы команда ішіндегі дау Винисиус Жуниор мен Киллиан Мбаппе арасында туындаған.

Don Balon таратқан ақпаратқа сәйкес, 23 қараша күні "Реалдың" "Эльче" командасымен өткен ойынынан кейін киім ауыстыратын бөлмеде қос футболшы өзара сөзге келіп қалған. Мәліметтерге қарағанда, Мбаппе Винисиусты команданың мүддесін ескермей, жеке басының қамын ойлайды деп айыптаған. Ал бразилиялық шабуылшы бұл айыптауға қарсы жауап беріп, Мбаппенің өз қателіктерін бетіне басқан.

Айта кетейік, екі футболшы арасындағы бұл дау бірінші рет болып отырған жоқ. Олар бұған дейін де бірнеше мәрте сөз таластырғаны белгілі. Бұл текетірес клуб басшылығын қатты алаңдатып отыр. Маусымның шешуші кезеңі жақындап келе жатқанда мұндай қарым-қатынас жалпы нәтижеге кері әсер етуі мүмкін.

Сонымен қатар Винисиус Жуниордың бұл жанжалы клуб басшылығына да жақпай отыр. Себебі ол бұған дейін де бас бапкер Хаби Алонсоға бірнеше мәрте қарсы шыққан.

Бұдан бөлек, Винисиус Жуниор клубпен жаңа келісімшарт бойынша ортақ шешімге келе алмай жүргені белгілі болған еді. Соның салдарынан Бразилиялық футболшы Реал Мадридпен қош айтысуы әбден мүмкін.

 

 

Ақерке Өмірхан
Дүйсенбі, 24 Қараша, 2025 20:55
Талқылау