"Реал Мадрид" футболшылары Испания құрамасына шақырту алған жоқ
Фото: “Реал Мадрид” баспасөз қызметі
“Реал Мадрид” клубынан бірде-бір ойыншы Испания ұлттық құрамасына шақырту алған жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2025 жылғы маусымда өтетін УЕФА Ұлттар лигасының финалдық кезеңіне арналған ойындарға Испания ұлттық құрамасының бас бапкері Луис де ла Фуэнте мадридтік "Реалдың" бірде-бір ойыншысын шақырған жоқ. Бұл туралы испан және халықаралық спорттық БАҚ хабарлады.
Құрамдағы жалғыз "Реал" өкілі — орталық қорғаушы Дин Хейсен. Алайда ол ресми түрде клубқа тек 1 маусымда қосылады және әлі негізгі құрамда бірде-бір матч өткізген жоқ.
Сонымен қатар, Испания құрамасына "Барселонаның" алты футболшысы шақырту алды: Ламин Ямаль, Педри, Гави, Дани Ольмо, Фермин Лопес және Пау Кубарси.
Айта кетейік, Испания құрамасы 5 маусым күні Штутгартта Франциямен Ұлттар лигасының жартылай финалында ойнайды. Жеңіске жеткен жағдайда финал 8 маусымда Мюнхенде өтеді.

"Қазақтың ашкөздігі - ашаршылықтан": Психолог ашаршылықтың қазақтарға қалай әсер еткенін айтты
