Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Раймның бұрынғы сүйіктісіне ұсыныс жасаған кәсіпкер кім екені белгілі болды

Желіде Раймның бұрынғы сүйіктісі Наргиза Рамазановаға ұсыныс жасаған азаматтың кім екені анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: https://www.instagram.com/zhanibek.erbolatuly/

Алматылық кәсіпкер жігіттің есімі – Жәнібек Ерболатұлы. Болашақ күйеу жігіттің бірнеше рет үйленіп, ажырасқаны туралы әңгіме тарады. Ол ел алдына шығып, ақталды. 

“Ешкімнің аузына қақпақ бола алмаймын. Ажырасқаным рас. Бірақ ешкім менен зардап шекпеген. 4-5 әйел алды деген өтірік. Олай айтпаңыздар. Рамазанда ұстаған оразаларыңыз мені өсектеп зая кетпесін. Басқалар сияқты үсті-үстіне тоқал алған емеспін. Ешкім ажырасамын деп үйленбейді. Әркімнің өз айыбы бар. Біреулер жалға машина алып жүр деп жазып жатыр, ол өзімдікі”, – деді бейтаныс жігіт. 



Одан кейін кәсіпкер жігіт ажырасқан адамдар да бақытты болуға лайық екенін жеткізді. 

“Ажырасқан адам бақытты бола алмай ма? Ешкім сау сиырдың тезегі емес, әркімнің бір өткен оқиғасы бар. Айналайындар-ау, кім ажыраспай жатыр? Осы өсектің артында жақсы болашақ күтіп тұрғанына сенімдімін. Алла Тағала барлығыңыздың отбасыңызға береке берсін, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын", — деп жазды кәсіпкер.

Айта кетейік, кәсіпкер жігіттің бейтаныс бойжеткенмен қыдырып, бірге уақыт өткізген видеосы желіге тарады. 

@mereyabilova7

 

♬ оригинальный звук - Мерей
Талқылау