Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Райымның бұрынғы сүйіктісі "сырғалым" атанып, ұзатылды

Наргиза Рамазанова

Әнші Райымның бұрынғы сүйіктісі Наргиза Рамазанова әлеуметтік желідегі парақшасында “сырғалым” атанған сәттегі видеосын жүктеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Ұядан ұшқан күн”, – деп жазба қалдырды ол.

Желі қолданушылары қалыңдыққа жақсы тілектерін арнап, батасын берді. 

“Бойында нәзіктік пен әдемілігі, қарапайымдылығы, адамгершілі қвзақтың табиғи сұлу қызы, өзіннің өмірлік серігін тауып, ұясынан ұшып жатыр! Әдемі жұпқа баянды бақыт тілейміз”, “Бағыңыз ашылсын”, “Өзі сондай сұлу, нәзік, ақылына көркі сай қыз, тек ғана бақытты болсыншы”, “Қандай жарасымды едіңіздер, Аллам барша жамандық атаулыдан сіздерді сақтасын, мәңгі бірге болуды жазсын”, “Бағың бес елі болсын, қызым”, – деп ақжарма тілегін арнады көпшілік.

Бұған дейін арудың таңдауы түскен жігіттің Жәнібек Ерболатұлы деген алматылық кәсіпкер екенін жазған едік. Ол бұған дейін үйленіп, ажырасқанын мойындады. 

“Бірақ ешкім менен зардап шекпеген. 4-5 әйел алды деген өтірік. Олай айтпаңыздар. Рамазанда ұстаған оразаларыңыз мені өсектеп зая кетпесін. Басқалар сияқты үсті-үстіне тоқал алған емеспін. Ешкім ажырасамын деп үйленбейді. Әркімнің өз айыбы бар. Біреулер жалға машина алып жүр деп жазып жатыр, ол өзімдікі”, – деген еді күйеу жігіт.

 

Айым Болатқызы
Жексенбі, 13 Шілде, 2025 10:59
Талқылау