Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы BRT құрылысы: Райымбек даңғылы қалай өзгереді

Алматы әкімі Ерболат Досаев Райымбек даңғылы BRT жобасы аясында қасбеттен қасбетке дейін жаңартылатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Алматы әкімдігі

Ерболат Досаевтың айтуынша, жаңарту жұмыстары келесі жылы басталып, тоқсан сайын жүргізілетінін айтты. Жөндеу кезінде жолдар тұрғындарға қолайсыздық тудырмайтындай ішінара жабылатынын ескертті.

“Жоба аясында қоғамдық көліктерге арналған арнайы жолақ құрылып, қиылыстардың жанына жаңа аялдамалар орнатылады. Сондай-ақ бүкіл көшені кешенді абаттандыру жүргізіледі. Ұзын көлемді автобустар мен бөлектеу арқылы қаланың шығыс және батыс бөліктерінің көлік байланысы артады”, – делінген хабарламада.

Жөндеу жұмыстары бірнеше кезеңге бөлінеді. Яғни, Пушкин көшесінен Сейфуллин даңғылы мен Ахременко көшесіне дейін және одан әрі "Барлық" базарына дейін.



BRT жобасы — Алматы Бас жоспарының 2040 жылға дейінгі бөлігі, ол көлік инфрақұрылымын және қала тұрғындары үшін қоғамдық көліктің қолжетімділігін жақсартуға арналған.

Бұған дейін Алматыда тұрақты жылумен жабдықтау үшін Южный қазандығы мен жылу желілері жаңаратыны туралы жазған едік.

Талқылау