Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Раушан Құдайберген отқа май құйып, ақ босаға аттады: Шымкенттік құдалар келінді қалай қарсы алды

Раушан ақ босаға аттады

Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде Димаштың қарындасы Раушан Құдайбергеннің келін болып түскен сәтінен видеолар тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Раушанды жеңгелері аулаға шымылдықпен алып кіріп, ақ босаға аттамай тұрып, отқа май құйдырды. 

Жаңа түскен келін үйге босаға аттағанда немесе арнайы ырым кезінде отқа сары май немесе малдың майын құяды. Мұндағы мақсат – оттың басын қадірлеу, үйге құт-береке шақыру, отқа құрмет көрсету.

Кейін жас келінді үйге кіргізіп, шымылдықтың арғы бетіне жайғастырды. Үйдің үлкені Раушанның басына ақ орамалын байлып, үстінен үкілі жаулық жапты.

Желі қолданушыларының айтуынша, Раушан Сарыағаш ауданындағы Абай ауылына келін болып түскен. 

@nadiysha1504 Күйеу жігіттің үйіндегі рәсім! 💝 #kanat_sveta_aitbayevtar #раушанкудайберген . . . . #dimash #dimashkudaibergen #dimashqudaibergen ♬ оригинальный звук - ЖҰЛДЫЗДЫ ҚАЗАҚСТАН

 

Ермахан мен Раушанның үлкен тойында сөз сөйлеп, тілек айтқан Димаш Құдайберген көпшілікті сүйсінтті. Ол күйеу баласын мақтан тұтатынын жеткізді.

“Ермаханымызбен де мақтанып жүрміз. Ақылына көркі сай, келбеті келіскен, таланты тоғысқан азаматты таңдаған менің қарындасым да ақылды, мықты ғой”, – деп марқайып қалды өнер иесі.

“Қандай көркем сөздер”, “Нағыз атасының баласы”, “Димаштай ағасы, ұлы бар қандай бақытты”, “Дара Димаш өте орынды айттың”, “Пайғамдар да күйеу баласын сыйлаған”, “Қазақилығымен, сөз саптауымен көпке үлгі болып жүр”, – деп жарыса жазды желі қолданушылары.

@justaikerim #димаш #димашкудайберген #димашкудайбергенов #dimash #dimashkudaibergen #dimashdears #dimash_official_dq #dimashkudaibergenov ♬ оригинальный звук - Shainiyaz Ahmediyar

 

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 12 Тамыз, 2025 11:40
Талқылау
`