Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рано Омарова алғаш рет марқұм әкесі туралы айтып берді

Әнші әрі актриса Рано Омарова 9 жасында әкесінен айырылып қалғанын өкінішпен айтып берді. Ол әкесімен дос, сырлас болған, өміріндегі ең жақын адамы санаған.

рано отбасымен

Бұл туралы Дана Рыскелдинованың авторлық бағдарламасында айтылды.

Екі баламен жесір қалған кезде Рано мен Шоқанның (All Давай тобының әншісі) анасы небәрі 28 жаста болыпты. Ол бар қиыншылықты мойнымен көтеріп, балаларын өсіріп жетілдіру үшін барын салған.

Раноның анасы кезінде әнші болуды армандаған. Сол арманның жетегінде Алматыға келген. Алайда тағдыр оған өнер академиясына түсуді бұйырмапты.

«Анам заңгер мамандығын алып шықты. Дегенмен оның ішінде орындалмаған арманы қалып қойған сияқты. Оны бізге тікелей жеткізбесе де, біз бейсаналы түрде қабылдап алғандаймыз.

Одан бөлек әкем менімен көп айналысты. Балабақшада тәрбиешілер әкеме тыңдау қабілетімнің және даусымның жақсы екенін айтқан. Сосын әкем мені фортепианоға алып барды. Әкемнің отбасында музыканттар көп. Фортепианода ойнау үшін туыстарымыздың үйіне жиі баратынмын. Ал 2-сынып бітірген кезімде әкем маған пианино сатып алып берді. Сол кезде шексіз бақытқа бөленгенім есімде. Себебі 1,5 жыл бойы мен біреулердің аспабымен ойнап жүрдім», – деп балалық шағын еске алды Рано.

рано отбасымен 2

Рано анасынан қарағанда әкесіне қатты жақын болған.

«Психологиядан баланың «іргетасын» 7 жасқа дейін қалауға болады дегенді оқыған едім. Әкем қайтыс болғанда мен небәрі 9 жастамын. Өмірімнің негізгі бөлігінде ол бізбен бірге болмаса да, оның маған берген тәрбиесі бойымда қалып қойды. Мен әкемнің қызы болдым. Ол өмірден озғанда шок алдым. Себебі мен үшін ең жақын адам, менің досым әкем болды. Әлі күнге дейін әкем сияқты сырлас бола алатындай адам іздеп жүрмін. Мүмкін ол менің ұлым болатын шығар. Ондай адамды өзіме туып алғандаймын», – деп ағынан жарылды Рано.

Әкесі өмірден озған соң Рано музыкалық мектепті тастап кеткен.

«Анам жесір қалғанда небәрі 28 жаста болған екен. Қазіргі менің жасымнан да кіші. Білмеймін, бір баланың өзімен кейде не істерімді білмеймін. Шешім қабылдар кезде жолдасымның көмегіне жүгінемін. Ал ол барлығына өзі жауапты болды. Әрі біз екі баламыз», – дейді Рано.

Жіберіп алмаңыз:

Айдарбекова: Ендігі арманым күйеуімді актерлық, әншілік жағынан таныту

Қайрат Нұртас рэп айтып тыңдармандарын таңғалдырды (видео)

Димаш финалда итальян тілінде ән орындайды

Ақбота: Қыруар қаржыны тойыма шашқанша, балаларыма жұмсаймын

Талқылау