Рамазан Стамғазиев шипажайларда жиі демалатынын айтып мақтанды
Рамазан Стамғазиев шипажайларға жиі барып демалатынын айтып мақтанды. Соңғы 6-7 жыл ішінде тек отандық шипажайларға барып жүр екен.
Бұл туралы «Айтуға оңай» бағдаралмасында айтылды.
Елімізде демалатын шипажайлар аз емес. Жер жәнатты Жетісу, асқар шыңды Алтай, емдік қасиеті мол Алакөл, Балқаш, Баянауыл. Қазақстанда, мұнымен қатар, денсаулыққа өте пайдалы Бурамай, Алмарасан, Сарыағаш сынды шипажайлар бар. Рамазан Cтамғазиев соңғы 6-7 жылдан бері шипажайларға барып демалып жүргенін айтып мақтанды. Өзімен бірге келіншегі Ұлту Қабаеваны да ерте барады екен.
«Жалпы бұрын шипажайға барып демалуға ерінетінбіз. Өмір барлығын өзі ыңғайластырып отырады екен. Соңғы 6-7 жылдан бері қол ұстасып, құда-жекжаттарымызды ертіп, шипажайларда демалып жүрміз. Осы уақытқа дейін шетелдің көптеген қаласында болып үлгердік. Қазақстанда солардан аспаса, кем түспейтін жерлеріміз бар. Ең бірінші, Сарыағаштан бастадық. Ол – әлемге аты әйгілі орын. Суын ішіп, ағзамызды толықтай тазартып жүрміз. Шипажайдан кейін жаңа өмір бастағандай күй кешесің. Оның үстіне қартайған сайын денсаулық ақырындап артқа кетіп бара жатқандай болады. Соңғы айтқан шипажайда сізді толықтай тексеріп, диагноз қойған соң ғана ем-дом шараларын бастайды. Оған, шамамен, он шақты күн барып жату керек. Әйелім қазір қасымнан қалмайтын болды. Шипажайларға бірге барады», – дейді Рамазан Стамғазиев.
Жіберіп алмаңыз:
Танымал қазақ әншісі Түркия көшесімен жартылай жалаңаш күйде жүріп өтті (видео)
«Балапан» арнасынан кеткен Ләйлә Сұлтанқызы енді балалар лагерін ашпақ
Аяғы ауыр Диана Шарапова жалаңаш күйде суретке түсті
“Алатау” құрамасы тұңғыш рет футболдан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты (видео)