Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рамазан айының құрметіне «Тегін такси» қызмет көрсетті (фото)

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бастамасымен Рамазан айының құрметіне «Тегін такси» қызметін ұйымдастырды.

имам

Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті мен қалаға қарасты қалалық мешіттердің бірігуімен барлығы 27 жеңіл көлік қала тұрғындарының игілігіне қызмет жасады.

тегін

Атап айтар болсақ, «Сыбаға», Жайна», «Сұлтан» сауда орталықтары мен халық көп шоғырланатын орындарда аталмыш жеңіл көліктер жүгі бар халықты тегін тасыды.

тегін4

«Рамазан айының құрметіне халыққа қызмет көрсету, қасиетті айдың келуіндегі қуанышты сезіндіру, сауапты амалдардың маңыздылығын ұғындыру, қайырымдылық көрсету, халыққа жеңілдік жасау мақсатындағы бұл шараның маңызы зор», – деп атап өтті өкіл имам Талғат Сейіткәрімұлы.

тегін2

Игі бастама жұртшылық көңілінен шығып, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттандырылды, деп хабарлады Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі.

тегін1

Талқылау