Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рамазан айында төсек қатынасына түсуге бола ма?

Мамыр айының 26-сынан 27-сіне қараған түні қасиетті Рамазан айы басталады. Осы ретте назарларыңызға қасиетті айда жасалатын амалдарға қатысты ақпараттар легін ұсынамыз.

F8AF3ob4CYKwsKR89BIAzmWtyVz5Mn

Бұл туралы islam.kz хабарлайды.

Ер мен әйел жынысының арасындағы махаббат мәселесі адамзатты қай кезде де толғандырады. Бұл ретте бір ай бойы тек ізгі амалдар жасап, артық әрекеттерден тыйылатын сәтте төсек қатынасына көңіл бөлуге болады ма деген сауалдың туындауы да заңды. Бұл сұраққа ислам ғалымдары мен шариғаттың жауабы да дайын.

Рамазан айында ауыз берік болған мезгілде ғана төсек қатынасына түсуге рұқсат жоқ. Ал, кешке ауызашар уақытынан кейін төсек қатынасына түсуге рұқсат. Бұл жайында Жаратушы Иеміз Алла Тағала былай дейді: «Оразаның түнінде əйелдеріңе жақындасу сендер үшін рұқсат етілді. Олар сендерге, сендер оларға киімсіңдер…».

Ауыз берік бола тұра күндіз бұл әрекетке әдейі барған жандар рамазаннан кейін 60 күн үзбей кәфарат қазасын өтеуі тиіс. Ал жалпы, аузы берік кісінің жәй ғана беттен сүюі оразаны бұзбайды. Себебі, Пайғамбарымыздың (с.ғ.а) ауызы берік бола тұра әйелдерін сүйетіндігі Айша анамыздан жеткен. Бұл жерде ескере кететін жағдай, егер әйелін сүйгенде шәует бөлініп кетпейтініне және жыныстық қатынасқа түсіп қоймайтынына сенімді болса, онда сүюіне рұқсат. Ал оған сенімсіз болса – мәкрүһ.

 

Бұған дейін ораза айында тіс пастасын қолдану мен сәресіге ұйықтап қалудың жайы түсіндірілген еді.

Оқи отырыңыз:

Мамандар адам психикасы үшін ең қауіпті желіні анықтады

Ақмола облысында дәрігерлер шала жетіліп туған нәрестенің өмірін сақтап қалды

Бүйректің қызметін бұзып зиянын тигізетін 8 дәрі

Талқылау