Рахман Омар жаңа туған ұлының құрметіне дүркіретіп той жасады (фото)
Танымал актер Рахман Омар мен Ақмарал Дайрабаеваның отбасында үлкен қуаныш. Жұлдызды жұп жақында дүниеге келген ұлдарының құрметіне дүркіретіп той жасады. Омаровтар әулеті кішкентай Мейрамбекті қырқынан шығарған, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Иә, кішкентай Мейрамбектің есімі қазақтың біртуар азаматы, елдің сүйікті әншісі Бесбаевтың құрметіне қойылған. “Музарт” тобының серісін ерекше қадірлейтін Рахман Омар Мейрамбекті ұлының өкіл әкесі етіп тағайындаған. Дәл осы себепті Бесбаев тығыз жұмыс кестесіне қарамастан, кішкентай аттасының тойына арнайы ұшып келген көрінеді.
“Алыстан жол жүріп келіп, шаршағандарына қарамастан, балапанымыздың тойына үлгеріп келген кіндік мамамыз бен папамызға үлкен рақмет. Мың алғыс”, – деп бөлісті Ақмарал Дайрабаева желіде.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау