"Ракетаны құлатып түсіргендерді соғыс жариялады деп қарастырамыз": Солтүстік Корея сүңгуір қайықтан ракета ұшырды
Солтүстік Корея сүңгуір қайықтан қанатты екі ракета ұшырды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.

Оңтүстік Корея әскерилері Солтүстік Кореяның шығыс жағалауындағы Синфо порт қаласынан сүңгуір қайықтан ракета ұшырылғанын анықтады.
"Сүңгуір қайық Солтүстік Кореяның АҚШ империалистері мен қуыршақ Оңтүстік Кореяның КХДР-ға қарсы әскери маневрлеріне байланысты ұстанымын көрсету үшін жіберілді", – деп жазды Солтүстік Кореяның KCNA мемлекеттік ақпарат агенттігі.
Пхеньян мұны әскери қақтығысқа дайындық ретінде қарастыратынын айтады.
Бұған дейін Солтүстік Корея АҚШ-ты шиеленісті күшейтті деп айыптап, АҚШ-Оңтүстік Корея жаттығуларын сынға алды.
КХДР көшбасшысы Ким Чен Ынның әпкесі Ким Е Чен Пхеньянның сынақ ракеталарының бірін атып түсіру соғыс жариялау ретінде қарастырылатынын ескертті.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы