Raim Ерке Есмаханмен кездесіп жүргенін мойындады
Raim лақап атымен танымал Райымбек Бақтыгереев өзінің Instagram-дағы парақшасына сүйіктісі Ерке Есмаханмен бірге түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

©instagram.com/raimusican
Осылайша, жұлдызды жұптың кездесіп жүргені әшкере болды. Десе де өнер иелері ара қатынастарына қатысты ешқандай мәлімдеме жасамады.
Айта кетейік, Ерке Есмахан сүйіктісімен Италияға саяхат жасап, жақында елге оралған болатын.
Raim - қазақстандық музыкант, әнші, рэп орындаушы. Алғашында “Raim-Artur” тобының мүшесі болған ол көпшілікке "Самая вышка" әнімен танылды. Кейін топ ыдырап, Райымбек пен Артур шығармашылықпен жеке-жеке айналыспақ болып шешім қабылдайды. Қазіргі кезде Райымбек жеке дара әнші ретінде өнер көрсетіп, оның бірнеше альбомі жарыққа шықты.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі