Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Рахат Тұрлыханов әйелін ұрды деген күдікпен үшінші рет полицияға жеткізілді

Рахат ТұрлыхановФото: Видеодан скриншот

2000-жылдары танымал болған қазақстандық әнші Рахат Тұрлыхановтың басы тағы да дауға қалды. Әлеуметтік желіде оның әйелін ұрды деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұған дейін БАҚ беттерінде 15 наурыз күні қазақстандық әнші Рахат Тұрлыхановтың әйелін соққыға жықты деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тараған. Мәліметке сәйкес, оқиғадан кейін ол Алматы қаласының Медеу аудандық полиция басқармасына жеткізілген.

Полиция не дейді?

Алматы қалалық полиция департаменті әншінің полицияға жеткізілгенін растады.

“Алматы қаласының Медеу ауданында болған отбасылық жанжал фактісі бойынша полиция қызметкерлері шақыртуға барып, оқиғаға қатысушыларды мән-жайды анықтау үшін аудандық полиция басқармасына жеткізді”, – деді полицияда.

Ведомствоның мәліметінше, тексеру барысында әйел бастапқыда өзіне күш қолданылғанын айтқан. Алайда кейіннен соққыға жығу фактісін жоққа шығарып, отбасылық жанжал бойынша арыз жазған.

“Қарау нәтижесінде ер адамға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-бабының 1-бөлігі (“Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер”) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды”, – деп хабарлады полиция департаменті.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ӘҚБтК) 73-бабының 1-бөлігі отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында жәбірленушiнi сыйламаушылық танытып, балағаттау, кемсiту, үй мүлкіне зақым келтіру және қоғамдық тәртіпті бұзатын басқа да әрекеттер үшін жауапкершілікті көздейді. Бұл ескерту жасауға немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.


Депутат Дәулет Тұрлыхановтың бас бостандығы шектелген ұлының түнде көшеде жүрген видеосы тарады

Бас бостандығынан шектелген Дәулет Тұрлыхановтың ұлы түнде көшеде жүр: Ішкі істер министрлігі жауаптыларды жазалады


Айта кетейік, бұл олардың отбасының алғашқы жанжалы емес. 2024 жылы әнші, мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың туысы Рахат Тұрлыханов әйелін соққыға жыққаны үшін тағы да сот алдында жауап беретіні туралы жазған едік. 

Рахат Тұрлыханов әйелін ұрып-соққаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық бойынша сотқа шақырылған. Алайда әйелі оны кешіргендіктен, әртіс жазадан құтылып кеткен.

9 қаңтарда Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Рахат Тұрлыхановқа қатысты істі қарағанын хабарлады. Сот алқасының қаулысымен Тұрлыхановқа қатысты жазалау шарасы оған ескерту беруден 10 тәулік әкімшілік қамауға алу жазасына өзгертілді.

10 қаңтар күні әйеліне қол көтерді деп айыпталған Рахат Тұрлыханов жұбайымен бірге бейнеүндеу жасаған еді. 

Балнұр Рахматуллақызы
Дүйсенбі, 16 Наурыз, 2026 13:26