Рафаэль Уразбахтин: Мен Дастаннан әдейі сары қағаз алуды сұрадым
Фото:Stan.kz collage
Қайрат құрамасының бас бапкері Рафеэль Уразбахтин Дастан Сәтпаевқа әдейі сары қағаз алуға кеңес бергенін айтып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Aladop.kz телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
“Қайрат” құрамасы Чемпиондар лигасынының 5-турында “Копенгагеннен” 3:2 есебімен жеңілді.
Матч барысында Дастан Сәтпаев ойын тәртібін бұзып сары қағаз алған еді. Ал бас бапкер Рафеэль Уразбахтин Дастан Сәтпаевқа әдейі сары қағаз алуға кеңес бергенін айтып отыр.
"Мен Дастаннан әдейі сары қағаз алуды сұрадым. Ол бәрібір емделетіндіктен, келесі ойынға қатыспайтын еді. Сондықтан, бұл тактикалық, жоспарланған сары қағаз болды. Енді ол денсаулығына көңіл бөліп, емделеді және келесі ойынға қатыспайды. Есесіне, қалған екі матчқа еш алаңсыз дайындалады", – деді Р.Уразбахтин.
Айта кетейік, Дастан Сәтпаев осы сары қағаздан кейін “Астана аренада” өтетін грекияның Олимпиакосына қарсы ойында алаңға шықпайды. Себебі бұл – Дастан Сәтпаевтың турнирдегі үшінші сары қағазы.
Дастан “Копенгагенмен” өткен тартысты ойында гол соғып, Чемпиондар лигасының тарихында гол соққан ең жас үш футболшының қатарына енді.
Бұған қоса бұл бәсекеде қосалқы құрамнан алаңға шыққан Олжас Байбек те гол соқты. Осылайша екі қазақтың баласы Чемпиондар лигасында гол соққан алғашқы қазақ ойыншылары атанды.
“Не үшін тудық, не үшін бақтық?”: Ата-ананың балаға өзін асырау міндетін жүктеуі қазақстандықтар арасында қызу талқыланды

