Қырғыз акуласы атанып кеткен Ақжол Махмұдов 4 дүркін Азия чемпионы атанды

akipress.comФото:akipress.com/Ақжол Махмұдов
Грек-рим күресінен қырғыздың даңқты балуаны Ақжол Махмұдов Азия чемпионатында топ жарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол чемпиондық атақ үшін тартыста Иран балуанынан айласын асырды. Осылайша ол 4 дүркін Азия чемпионы атанды.
Ақжол Махмұдов бұған дейін 2018 жылы Бішкекте, 2022 жылы Ұлан-Батырда, 2023 жылы Астанада өткен құрлықтық бәсекеде жеңіске жеткен. Сондай-ақ оның қоржынында әлем чемпионатының қос бірдей алтыны бар.
Бұған қоса 2020 жылы Токио Олимпиадасында күміс, 2024 жылы Парижде қола медальға қол жеткізген.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасында отандасымыз Демеу Жадыраев пен Ақжол Махмұдов ширек финалда белдесіп, қырғыз балуаны жеңілген еді. Дегенмен Жадыраев та барын салып финалға шықты. Нәтижесінде Ақжол жұбаныш белдесуі үшін күресуге мүмкіндік берілді.
Азия чемпионатында грек-рим күресінен ел қоржынына алғашқы жүлде түсті
Қырғызстандық спортшы сол мүмкіндікті мүлт жібермей, қола үшін күресте әзербайжандық қарсыласынан басым түсті. Осыдан соң марапаттау рәсімінде Ақжол мен Демеу екеуі бөлек суретке түскен сәттің видеосы тарап, бауырлас халықтар арасындағы татулықтың үлгісіне айналғандай болды.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған