Медеу маңындағы құны 17 миллиард теңгеден асатын жер мемлекетке қайтарылды

Алматы прокуратурасы "Медеу" өңірлік табиғи паркімен шекаралас 288 гектар жерді мемлекетке қайтарып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қадағалау қызметі жалпы ауданы 288 гектарлық 2 жер телімі жеке меншікке заңсыз берілгенін анықтады. Ал бұл жер телімдері ауыл шаруашылығы мақсатындағы су қоры бар жерлерге жатады және сатып алынбайды.
Жетісу ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша сот жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тапты.
“Алматы қалалық сотының сот алқасы бірінші сатыдағы шешімді күшінде қалдырды. Қабылданған шаралар нәтижесінде құны 17 миллиард теңгеден астатын жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды”, – деп мәлімдеді прокуратура.
Capital Bank Kazakhstan пен AsiaCreditBank иелегінде болған 960 гектар жер Ұлттық банкке қайтарылды
ОқыңызБұған дейін Шығыс Қазақстан ормандарындағы "Бипэк Автоға" тиесілі болған 150 гектардан астам жер мемлекетке қайтарылғаны туралы жазған едік.
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"
Перизат Қайраттан тәркіленген 80 миллиондық Mercedes астаналық полицейлерге берілді
Одан бөлек Перизаттан тәркіленген Mercedes-Benz EQE 500 4Matic көлігі бар. Алайда ол әзірге аукционға қойылмады