Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Capital Bank Kazakhstan пен AsiaCreditBank иелегінде болған 960 гектар жер Ұлттық банкке қайтарылды

Алматы прокурорлары 960 гектар жерді Ұлттық банкке қайтарып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Қала прокуратурасы сот актілері мен сот үкімдерін талдаудың негізінде Capital Bank Kazakhstan АҚ мен AsiaCreditBank АҚ таратылған банктердің жалғыз акционері саналатын борышкердің (жауап беруші Ш.-ның) активтері шығарылғанын анықтады.

Жауап берушінің қарызы 15 миллиард теңгеден асады.

“Прокуратура ҚР Ұлттық Банкінің мүддесіне жауап беруші Ш.-ның жер учаскелерін сату-сатып алу шарттарын жарамсыз деп тану жөнінде талап арыз берді. Алматы облысы Іле аудандық сотының шешімімен Алматы қаласы прокуратурасының талап-арыздары толық көлемде қанағаттандырылды”, – делінген прокуратура хабарламасында.



Сот алқасының қаулысымен сот актісі өз күшінде қалдырылды.

Еске салайық, бас прокурор Берік Асылов жалпы сомасы 760 миллиард теңге болатын активтердің қайтарылғанын айтқан еді. Мүліктің бір бөлігі Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған. 

Талқылау