Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық сегіз боксшы Азия чемпионатының алтынына таласады

Төрехан Сабырхан Фото:ҚБФ/Төрехан Сабырхан

 

Моңғолияның астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионаты мәресіне жақындап қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

7 сәуір күні жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталып, финалға шыққан спортшылар анықталды.

Қазақстан құрамасынан сегіз боксшы алтын медаль үшін бақ сынайды.

Ерлер арасындағы финалистер:

    •    60 кг: Оразбек Асылқұлов

    •    70 кг: Төрехан Сабырхан

    •    75 кг: Сабыржан Аққалықов

    •    85 кг: Нұрбек Оралбай

    •    +90 кг: Айбек Оралбай

Әйелдер арасындағы финалистер:

    •    70 кг: Бақыт Сейдеш

    •    80 кг: Надежда Рябец

    •    +80 кг: Дина Исламбекова

Финалдық жекпе-жектер:

9 сәуір (әйелдер):

    •    70 кг: Бақыт Сейдеш – Арундхати Чоудхари (Үндістан)

    •    80 кг: Надежда Рябец – Рухшона Парпиева (Өзбекстан)

    •    +80 кг: Дина Исламбекова – Патан (Үндістан)

10 сәуір (ерлер):

    •    60 кг: Оразбек Асылқұлов – Сачин (Үндістан)

    •    70 кг: Төрехан Сабырхан – Зияд Ешааш (Иордания)

    •    75 кг: Сабыржан Аққалықов – Жавохир Абдурахимов (Өзбекстан)

    •    85 кг: Нұрбек Оралбай – Жасурбек Юлдошев (Өзбекстан)

    •    +90 кг: Айбек Оралбай – Данабек Байғазы (Қытай)

Шешуші айқастар 9–10 сәуір күндері өтеді: 9 сәуірде әйелдер, 10 сәуірде ерлер арасындағы чемпиондар анықталады.

Айта кетейік, финалистер саны бойынша Қазақстан мен Үндістан (8 боксшыдан) көш бастап тұр. Өзбекстаннан 7 спортшы финалға шықса, Солтүстік Корея мен Қытайдан 3 боксшыдан ақтық сынға жолдама алған.

Ақерке Өмірхан
Сейсенбі, 07 Сәуір, 2026 22:49