Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық қыз "Арлан" хоккей клубының ойыншысын соққыға жықты деп айыптады

Қыз денесіндегі жарақаттарды көрсетті

Фото: "Криминальный Казахстан" Telegram арнасы

 

19 жастағы Көкшетау тұрғыны Threads желісінде бұрынғы жігіті өзін ұрып-соққанын айтты. Оның сөзінше, ол – "Арлан" хоккей клубының ойыншысы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Криминальный Казахстан" Telegram арнасының мәліметінше, қыз бұрынғы жігітімен арадағы хат алмасуды және денесіндегі жарақат іздерін суретке түсіріп, жариялаған. Суреттерден қыздың қолындағы, бұғана тұсында және жақ сүйегіндегі көгерген іздерді көруге болады.

“Арамызда жанжал туып, содан кейін маған медициналық көмек қажет болды”, – деп жазды қыз.

Дәрігерлер көптеген гематомадан бөлек, жабық бас-ми жарақатын анықтаған.

Қыз полицияға жүгінген. Алайда оның сөзінше, іс “дәлелдің жетіспеуіне байланысты" жабылған. Құқық қорғау органдары спортшының әрекеттерінен қылмыс құрамы анықталмағанын мәлімдеді.

Алайда кейін Ақмола облысы полиция департаменті 2006 жылы туған Астана тұрғынының шағымынан кейін жедел шаралар қабылданғанын хабарлады.

“Ер адамға қатысты тұрмыстық құқыққа қарсы әрекеттері үшін әкімшілік іс қозғалды. Құқық бұзушыға тиісті шектеулер белгіленіп, қорғау нұсқамасы берілді. Мұндай жағдайлар полицияның ерекше бақылауында. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кез келген түріне жол жоқ”, – деп мәлімдеді ведомство.

Іс материалдары сотқа жолданды.

Назархан Уән
Дүйсенбі, 06 Сәуір, 2026 14:04